444.76 495.37 5.37
A+ A A-

ШҚО-да абаттандыру қағидаларын бұзудың 75 дерегі тіркелді

ШҚО-да абаттандыру қағидаларын бұзудың 75 дерегі тіркелді [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

3-9 қараша аралығында полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, 75 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Оның 62-сі ҚР ӘҚБтК 505-бабында көзделген абаттандыру қағидаларын бұзу деректері болса, ортақ пайдаланылатын орындардың ластануыдың тағы 13 фактісі тіркелді.

- Есепті кезеңде рұқсат етілмеген бес қоқыс орны анықталып, төртеуі жойылды. Құқық бұзушылықтарға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде жергілікті атқарушы органдар мен заңды тұлғаларға ұсыныстар жолданды. Тіркелген деректердің қатарында қоғамдық орындарға темекі тұқылын тастау және тұрғын үй ауласында шемішке қабығын шашу фактілері бар. Барлық жағдай бойынша ҚР ӘҚБтК 434-2-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылды, - делінген ШҚО Полиция департаментінің мәліметінде.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив