A+ A A-

talgatzhan 35 10-10-2024, 14:20 0

Өскеменде жастарға экология тақырыбының өзектілігі түсіндірілді

ШҚО

Облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында экологияның маңызы тақырыбында жиын өтті, деп хабарлайды  Buqara.kz сайтының  тілшісі.

Бүгінде жастарға экология туралы айту өте маңызды. Себебі өскелең ұрпақтың болашағы қоршаған ортаның жағдайына тікелей байланысты.
Жиында экологиялық трендтер талқыланып, қоршаған ортаны қорғау және "Жасыл ел" бағдарламасы бойынша жүргізілген жұмыстарды көрсетілді. Экологиялық білім беру жастардың табиғатқа жауапкершілікпен қарауын қалыптастырады және табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға ықпал етеді. Шараға қаладағы бірнеше колледж студентері мен түрлі сала мамандары қатысты.
- Экология - біздің болашағымыз. Қоршаған ортаны аялап, көздің қарашығындай сақтауымыз қажет. Келешек ұрпақ үшін бұл өте маңызды. Қазіргі таңда көптеген адам бұл мәселені жіті түсіне бермейді. Экологияны сақтап, оған қолымыздан келгенше күтім жасау - біздің адам ретіндегі басты борышымыз деп санаймын, - деді ШҚО Экология департаментінің баспасөз хатшысы Аружан Қаныбекқызы.
Айта кетейік, форумға психолог маман мен «Жасыл ел» мүшелері қонақ ретінде шақырылды.
Нұрдәулет ҚАЛИБЕКОВ

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
1 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив