A+ A A-

talgatzhan 36 Бүгін, 12:05 0

Риддерде жаңа аллея салынып жатыр

Бүгін / Риддер

Демалыс орны қала тарихында маңызды орын алатын тұлға Мақсұт Тайшыбаевтің құрметіне ашылмақ, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қазір аумақтағы жұмыстардың 90 пайызы аяқталған. Жобаны “Востокмонтажинженеринг” компаниясы жүзеге асыруда.

- Тендерді біздің компания жеңіп алды. Бүгінде жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Аумақ толық абаттандырылып, балаларға арналған әткеншектер, қоқыс жәшіктері мен орындықтар орнатылады. Жұмыс Киров көшесінен басталды. Нысанды қыркүйек айына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз, - деді компания өкілі.

Жоба аясында барлығы 32 әткеншек болады. Жаңа аллея тұрғындардың демалысы мен бос уақытын тиімді өткізуіне арналған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив