Балаларды қорғау күніне орай өңірде жас ұрпаққа арналған 100-ден астам қызықты іс-шара ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Білім басқармасының мәліметінше, 30 мамыр күні облыстың бес оқушысы Ақордаға барып, Астана қаласын аралайды.
Ал 1 маусым күні ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов дарынды оқушылармен кездеседі. Оған 150 оқушы қатысады. Сонымен қатар талантты балалардың шығармашылық жұмыстарының көрмесі өтеді.
Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында ауқымды мерекелік концерт ұйымдастырылады. Оған 8-16 жас аралығындағы 400 бала қатысып, вокалдық, би және аспаптық нөмірлерін ұсынады. Ең үздік өнер көрсеткен қатысушылар дипломдармен марапатталады.
Пікірлер