A+ A A-

talgatzhan 32 Бүгін, 10:20 0

Катонқарағай ауданында Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылды

Бүгін / Катонқарағай

Катонқарағай ауылында Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының филиалы салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Енді мұндағы аға буын өкілдері де шығармашылықпен айналысып, спортпен шұғылданып, денсаулықтарын нығайтып, жаңа орта табуға мүмкіндік алады.

Жаңа орталықтың ашылу рәсімінде Катонқарағай ауданының әкімі Данияр Дүйсенбаев осындай орталықтардың егде жастағы тұрғындар үшін маңызын ерекше атап өтті. 

- Мемлекет басшысының тапсырмасы және облыс басшылығының қолдауы аясында Шығыс Қазақстанда аға буын өкілдеріне арналған заманауи кеңістіктер құрылып жатыр. Біздің міндетіміз - «күміс жас» өкілдерінің қоғамда өз орнын сезініп, еркін араласып, сүйікті ісімен айналысып, белсенді өмір салтын ұстануына жағдай жасау, - деді аудан әкімі.

Бүгінгі шараның сәнін Белсенді ұзақ өмір сүру бағдарламаларына қатысушылардың өздері дайындаған концерттік бағдарлама келтірді. Сахнаға шыққан өнерпаздардың шашына ақ кірсе де, жүректері жас, көздері жалынды болды. Олардың өнері жас мөлшерінің қызықты әрі мазмұнды өмір сүруге кедергі емес екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

ШҚО Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының мәліметінше, өңірде белсенді ұзақ өмір сүру жүйесі кезең-кезеңімен дамып келеді. Қазіргі таңда облыс бойынша 175 нысан жұмыс істейді. Онда зейнеткерлер спорттық, зияткерлік және шығармашылық бағыттағы үйірмелерге қатысады.

Бүгінде 4 мыңға жуық аға буын өкілі 295 үйірме мен клубтың жұмысына тартылған. Олардың қатарында шахмат, тоғызқұмалақ, скандинавиялық жүріс және хор өнері секілді бағыттар бар.

Ал Катонқарағайдағы жаңа филиал аға буын өкілдеріне қолайлы орта қалыптастыру жолындағы тағы бір маңызды қадам болды. Өмірге деген құштарлығы мен сарқылмас қуатымен өзгелерге үлгі болып жүрген ардагерлердің белсенділігі қоғам үшін әрдайым құнды. 

 

Ақпарат және фотосурет: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив