A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 21:20 0

Өскеменде төртінші қабаттан құлаған 5 жасар бала көз жұмды

Бүгін / Өскемен

Облыс орталығында көпқабатты тұрғын үйдің төртінші қабатынан құлап кеткен бала мерт болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Әзірге баланың нақты қалай құлағаны белгісіз.
– 5 жасар баланың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Жыл басынан бері облыс бойынша 5 бала терезеден құлап кеткен. 
– Осындай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін терезелерге арнайы қорғаныс құрылғыларын орнату қажет. Москит торы қорғаныш бола алмайды. Балаларды үйде жалғыз қалдырмауға, терезе маңында жалғыз жүргізуге болмайды, - деп ескертті облыстық төтенше жағдайлар департаментінен. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив