A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 10:30 0

Өскеменде Жамбыл саябағына апаратын жол асфальтталып жатыр

Бүгін / Өскемен

Қалада Чехов пен Сағадат Нұрмағамбетов көшелері жағынан апаратын кіреберіс жолды жөндеу басталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі мәліметінше, мердігер ұйым асфальтбетон жабынының алғашқы қабатын төсеуге кіріскен. Бұған дейін жолдың ескі асфальты толықтай алынған. 
Мамандардың айтуынша, оның жағдайы қанағаттанарлықсыз болып, көптеген шұңқыр пайда болған. Жөндеу аясында алдымен жол топырақпен тегістеліп, содан кейін негізгі құрылыс кезеңдері басталған.
Жоба аяқталған соң жалпы аумағы 320 шаршы метр болатын жол учаскесі жаңартылып, көлік жүргізушілері мен Жамбыл саябағына келушілер үшін қолайлы әрі қауіпсіз болмақ.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив