A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 12:30 0

Ара шаруашылығы бойынша жоғары білім ШҚО-да ғана беріледі – депутат

Бүгін / ШҚО

Жуықта Мәжілістің пленарлық отырысында ара шаруашылығы мәселелеріне арналған заң қабылданды. Шығыс Қазақстаннан сайланған депутат Лұқбек Тұмашинов аталған тақырып ел көлемінде өзекті екенін айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Оның сөзінше, қабылданған құжат саланы дамытуға бағытталған маңызды қадам болғанымен, аталған шаруашылықты ілгерілету үшін тиісті жұмыс атқарылмай отыр. 
– Қазақстанда бұл сала ұзақ уақыт бойы жеткілікті деңгейде қолдау көрмей келген. Тіпті ауылшаруашылығы министрлігінің құрылымында ара шаруашылығымен арнайы айналысатын жеке бөлімшенің жоқтығы мәселенің қаншалықты өзекті екенін көрсетеді. Мамандар жетіспеушілігі де саланың дамуын тежеп отыр, – деді депутат.
Ол ара шаруашылығының ерекшеліктерін терең білетін кәсіби кадрлар аз, ал ғылыми сүйемелдеу жұмыстары жеткіліксіз деңгейде жүргізілмей отырғанын баса айтты. Одан бөлек, бейіндік білім беру де ақсап тұр.
– Республика бойынша Шығыс Қазақстандағы С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да ғана жоғары білім беріледі. Аңшылық шаруашылығы мен омарташылық бойынша студенттер білім алады. Бірақ кешенді бағдарлама. Ал мамандар Саратовка ауылында даярланады, – деді Тұмашинов.
Ол ара шаруашылығы тек бал өндірумен шектелмейтінін, көптеген дақылдың өнімділігі тозаңдандырғыш жәндіктерге тікелей байланысты екенін жеткізді.                                   
Лұқбек Тұмашинов салада қордаланған алты негізгі мәселеге тоқталып, оларды шұғыл түрде шешу қажеттігін айтты. Оның сөзінше, заңның қабылдануы маңызды болғанымен, ара шаруашылығын дамыту үшін нақты мемлекеттік қолдау мен жүйелі жұмыстар қажет. Ол жаңа заң ара шаруашылығының дамуына серпін береді деп үміттеніп отыр.

Шұғыла Зауырбекова
Фото: Kazinform

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив