19 маусымда облыс орталығында ойын-сауық кеші ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мерекелік іс-шара Чехов және Максим Горький көшелерінде, Арбатта және Қасым Қайсенов саябағында сағат 14:00-22:00 аралығында өтеді.
Фестиваль аясында скутер жарысы, спорттық іс-шаралар, қолөнер бұйымдары мен граффити салынған қолөнер алаңы, Чехов көшесіндегі кафе мен ойын-сауық бағдарламасы, караоке және фотоаймақтар болады.
Музыканттар мен гитаристер Арбатта өнер көрсетеді.
Қасым Қайсенов саябағында йога және зумба, шығармашылық шеберлік сабақтары, сурет салу, кітап пен ойыншық алмасу, шай ішу алаңы ұсынылады.
Сонымен қатар диджейдің сүйемелдеуімен би жарысы да өтеді.
Пікірлер