Катонқарағай ауданында мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағында, Қабырға ауылы маңындағы Алтай орманшылығының таулы бөлігінде өрт шықты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
— Өртті сөндіруге орман шаруашылығы қызметкерлері мен су төгу құрылғысымен жабдықталған ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» тікұшағы жедел жұмылдырылды. Тікұшақ арқылы барлығы 8 рет су төгілді, — делінген хабарламада.
Уақтылы қабылданған шаралардың арқасында өрттің одан әрі таралуына жол берілген жоқ. Өрт 10 шаршы метр аумақта толық сөндірілді.
Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына ағашқа найзағай түсуі себеп болған.
Пікірлер