A+ A A-

talgatzhan 40 Бүгін, 14:50 0

Өскеменде 19 жастағы жігіт суға батып кетті

Бүгін / Өскемен

Қайғылы оқиға 12 маусым күні болған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, 2006 жылы туған жігіттің денесі тазарту құрылыстары маңындағы қазан шұңқырдан табылды. Оқиға орнына құтқарушылар жедел жетіп, іздестіруге сүңгуірлер жұмылдырылған. Нәтижесінде марқұмның денесі судан шығарылды.
ТЖД өкілдерінің хабарлауынша, қайғылы жағдай саяжайлар аумағына жақын жерде, шомылуға арналмаған орында болған.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив