Қала әкімдігінің ақпаратынша, 19 маусымда «Oskemen Life» жазғы фестивалі ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Осыған байланысты сағат 12:00-ден 22:00-ге дейін бірнеше учаскеде көлік қозғалысы шектеледі:
Антон Чехов көшесі (Нұрмағамбетова көшесінен Қ. Қайсенов көшесіне дейін);
Максим Горький көшесі (Бейбітшілік көшесінен Әуезов даңғылына дейін).
Қала тұрғындары мен қонақтарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, сапарды алдын ала жоспарлау сұралады.
Пікірлер