Полиция қызметкерлері Понтон көпіріндегі қайғылы оқиғаның алдын алды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Облыстық патрульдік полиция батальонының офицерлері Олжас Жансолтанов пен Адай Құрметов ауысымды аяқтап, қайтып келе жатқан. Олар көпірдің шетінде тұрған ер адамды байқап, дереу тоқтап, оны құтқарып қалды. Анықталғандай, 38 жасар қала тұрғыны көпірден секірмекші болған. Ол қажетті көмек алу үшін медицина қызметкерлеріне тапсырылды.
Пікірлер