A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 10:15 0

Алтай ауданы тұрғындары жағалау бойындағы құрылысқа қарсы

Бүгін / Алтай

Аталған ауданға қарасты Октябрьский кентінің тұрғындары жер учаскесінің жеке меншікке берілуіне наразы, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Тұрғындар Бұқтырма су қоймасы маңындағы жер учаскілерін жекеменшікке  берілмеуін талап етуде. Ауыл тұрғындарының айтуынша, аталған учаске елдімекендегі жалғыз жасыл аймақ. Егер құрылыс басталса, жойылып кетуі мүмкін деп қауіптенеді.

Бұрынғы ауыл тұрғындары отырғызған ағаштардан аталған учаске саябаққа айналған көрінеді. Ресми мәртебесі болмаса да, жұрт бұл жерді көптен бері демалыс орны ретінде пайдаланып келеді. Сонымен қатар ағаштар елдімекенді қатты желден қорғап, қолайлы экологиялық жағдайды сақтауға көмектесіп тұрғанын да айтты. Дегенмен жергілікті билік жер учаскілерін жеке тұлғаларға беріп тынды деп шуласып жатыр.               

– Бұл жер – біздің отбасымызбен келіп демалатын жалғыз жасыл аймағымыз. Маңайда басқа ешқандай демалыс орны жоқ. Енді осы жерді де тартып алғалы жатыр. Қазірдің өзінде шекарасын белгілеп, қазығын қағып қойған. Саябағымызды сақтап қалуға көмектесіңіздер. Ағаштарды кесіп, бұл жерде құрылыс жүргізбесе екен, – дейді ауыл тұрғыны. 

Әкімдік өкілдері жер учаскесінің 2023 жылы жекеменшікке шаруашылық жүргізу үшін берілгенін растады. Сонымен қатар, олардың айтуынша ағаштардың кесілу қаупі жоқ.

– Қазір бұл жер учаскесі екі жылға жалға берілген. Жерді жалға алушылар оны туристік бағыттағы жобаны жүзеге асырып, демалыс базасын салу үшін алған. Біз бұл жерді жекеменшікке берген жоқпыз, тек жалға бердік. Тұрғындар бұл аумақты саябақ деп есептейді. Бірақ оның саябақ деген ресми мәртебесі жоқ. Құжаттарда да, картада да бұл аумақ жасыл аймақ ретінде көрсетілмеген, бос жер. Соған қарамастан, ағаштарды кесуге ешкімге рұқсат берілген жоқ және мұндай өтініш те түскен жоқ. Қазірге дейін бірде-бір ағаш кесілмеді. Мен бұл мәселені өзім бақылап отырмын, – деді Октябрьский ауылының әкімі Даурен Әбілмәжінов.

 

Шұғыла Зауырбекова
Фотосурет: Қазақ үні сайтынан

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив