Шаһарда Комендантка көпірін қайта құру жұмыстары басталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жұмысшылар көпірдің астындағы төселген тақтайшаларды алып тастады. Сондай-ақ төсеніштерді бөлшектеу және демалыс аймағына кіретін жолдағы қоршауларды кесу жұмыстары жүргізілуде. Аталған аумақ қоршауға алынды.
Қала әкімдігі мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі қайта құру жұмыстарының барысы туралы әлі түсініктеме берген жоқ. Бұған дейін көпірдің өткізу қабілетін арттыру үшін оны төрт жолаққа дейін кеңейту жоспарланғаны анықталған еді.
Аяқталу мерзімі мен көпірдің жабылуы туралы ақпарат жарияланған жоқ.
Пікірлер