A+ A A-

talgatzhan 42 Бүгін, 17:10 0

Димашты көргісі келетіндерге Катонқарағайда кемпинг аймағы әзірленіп жатыр

Бүгін / Басты / Катонқарағай

10–12 шілде аралығында Катонқарағай ауданында өтетін «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестиваліне келетін қонақтар үшін арнайы кемпинг аймағы дайындалып жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Биыл екінші рет ұйымдастырылатын халықаралық фестивальге түркі елдерінен өнерпаздар қатысады. Ал Қазақстан атынан сахнаға Димаш Құдайберген мен Төреғали Төреәлі шығады. 

Аудан әкімінің орынбасары Серік Жақитовтың айтуынша, фестивальдің басты іс-шарасы атшабар аумағында өтеді.

– Атшабар аумағынан көлемі 1 гектар жер бөлінді. Аумағы толық қоршалған. Мұнда 100-ге дейін кемпинг орналастыруға мүмкіндік бар. Кемпинг аймағы электр жарығымен, ауызсумен және қауіпсіздік шараларымен толық қамтамасыз етіледі, – деді ол.

Сондай-ақ туристерді орналастыру үшін ауданда 350-ге жуық жалға берілетін үй мен 150 киіз үй әзірленіп жатыр.

Фото: mk-kz.kz

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив