Бұл туралы Катонқарағай ауданы әкімінің орынбасары Серік Жакитов мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өрел ауылындағы орта мектеп ресми түрде Google Reference School мәртебесіне ие болды. Осылайша білім ордасы Орталық Азияда халықаралық деңгейде мойындалған алғашқы мектеп атанды.
– Google for Education компаниясы мектепке жалпы құны 90 миллион теңгені құрайтын 90 заманауи ноутбук сыйға тартты. Бір ноутбуктің құны – 1 миллион теңге. Енді ауыл мектебінің мұғалімдері мен оқушылары озық цифрлық технологияларды пайдалану мүмкіндігіне ие болды, – деді әкім орынбасары.
Мәлім болғандай, Өрел оқушылары Google-дің барлық құралына тегін қосыла алады. Қор өкілдерінің айтуынша, бұл жоба ауыл оқушылары үшін жасанды интеллект пен интерактивті білім беру платформалары күнделікті білім алудың ажырамас бөлігіне айналатын жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Сонымен қатар бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың цифрландыруды дамыту және жасанды интеллект технологияларын кеңінен енгізу жөніндегі тапсырмасына толық сәйкес келеді.
Пікірлер