A+ A A-

talgatzhan 40 Бүгін, 14:55 0

«Берел» мен «Коробиха» туристер үзілмейтін 5 ауыл қатарына енді

Бүгін / Басты / Катонқарағай

«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ жыл сайын өткізетін«Үздік туристік ауыл» ұлттық байқауының қорытындысы шықты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Соған сәйкес, елдегі ең үздік туристік ауыл бестігіне Катонқарағай ауданына қарасты екі ауыл кірген. Жоба туризмді дамытып, табиғи, тарихи және мәдени ерекшеліктері бар елдімекендерді танытуды көздейді. Берел мен Коробихадан бөлек, Басши (Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы); Торайғыр (Павлодар облысы, Баянауыл ауданы); Имантау (Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы) ауылдары бар. 
– Қазақстанның ауылдық туризмі халықаралық деңгейде де жоғары бағаланып келеді. Мысалы, 2023 жылы Алматы облысының Саты ауылы БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымының беделді «Best Tourism Villages by UN Tourism» марапатына ие болып, әлемдегі ең үздік туристік ауылдардың қатарына кірді, – деп мәлімдеді «Kazakh Tourism» өкілдері.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив