Ұялы байланыс операторлары Катонқарағай ауылын маңындағы Димаштың концерті кезінд интернет жылдамдығы неліктен баяулады деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аталған мәлімет журналист gazizaraimbeknews парақшасында жарияланды. Соған сенсек, 11 шілде күні Катонқарағай ауданы аумағында ұйымдастырылған ALTAI FEST халықаралық фестивалі аясында Димаш Құдайбергеннің гала-концерті кезінде көп адам ғаламтор жылдамдығына шағымданған.
Ұйымдастырушылар мен жергілікті билік өкілдерінің мәліметінше, шараға 50 мыңнан астам адам жиналды.
– Beeline компаниясы өкілдері фестивальге дайындық барысында 12-15 мың қонақ келеді деп жоспарланып, осыған байланысты қосымша базалық станция орнатқанын хабарлады. Алайда іс жүзінде келушілер саны алдын ала есептен үш есе көп болған, – делінген ақпаратта.
Компания желіде ақау тіркелмегенін атап өтті. Бірақ келушілер санының күрт артуына байланысты базалық станция жүктеме артты. Соның салдарынан кей абоненттер мобильді интернет жылдамдығы бойынша кемшілікті байқаған болулары мүмкін.
– Kcell/Activ компаниясы фестиваль алаңында желінің «ең жоғары конфигурацияда» іске қосылғанын мәлімдеді. Оператор мәліметінше, шара өтетін аумақта мобильді интернеттің жүктеу жылдамдығы шамамен 800 Мбит/с, ал дерек жіберу жылдамдығы 150 Мбит/с-тан асқан, – делінген ақпаратта.
Ал Tele2 өкілдері фестиваль алдында желіні күшейту жұмыстары жүргізілгенін хабарлаған көрінеді. Ең жоғары жүктеме кезінде желіге бір уақытта 9,6 мыңға дейін абонент қосылған.
Айта кетейік, Димаш Құдайбергеннің гала-концерті ALTAI FEST фестивалін әдемі аяқтаған ауқымды шара болды. Халықаралық шара Катонқарағай ауданында 10-12 шілде аралығында өтіп, Қазақстаннан және шетелден он мыңдаған мейман келді.
Пікірлер