444.76 495.37 5.37
A+ A A-

Катонқарағай ұлттық паркінің фототұзағына қоңыр аю түсті

Катонқарағай ұлттық паркінің фототұзағына қоңыр аю түсті [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде 24 мамыр күні орнатылған фототұзаққа бұл жолы қоңыр аю түсіп қалды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Парк өкілдері мәліметінше, аю қысқы ұйқысынан оянып, інінен енді ғана шыққандай көрінеді. 

– Айналасында ешкімді көрмеген соң сәл ренжігендей әсер қалдырады. Оның үстіне, қар жауып, боран соғып тұрған, – делінген ақпаратта.

Мамандардың айтуынша, биік таулы әрі жетуі қиын аумақтарға орнатылған фототұзақтар ауа райы мен жол жағдайына байланысты 3-6 айда бір рет қана тексеріледі. Сол себепті фототұзаққа түскен бейнежазбалар мен фотосуреттер көпшілікке біраз уақыт өткен соң жарияланады.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив