Жол-көлік оқиғасы маусым айының 6-сы күні Қазыбек би даңғылында болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Әкімшілік құқықбұзушылық бойынша Өскемен мамандандырылған сотының баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сүйенсек, Toyota көлігін тізгіндеген ер адам жаяу жүргінші жолында жол бермей, 2020 жылы туған қызды қағып кетті. Салдарынан бала жеңіл жарақат алған.
Сот қызметкерлері жүргізушінің полиция қызметкері екенін растады. Оны 9 айға көлік құралдарын басқару құқығынан айырды.
Фотосрет www.gov.kz
Пікірлер