A+ A A-

talgatzhan 38 Бүгін, 14:25 0

Қатонқарағай ауданында жұмысшыларға 27,8 млн теңге жалақы берешегі өтелді

Бүгін / Катонқарағай

Ауданла прокуратураның араласуымен кәсіпорын жұмысшыларына жалақы бойынша берешек толық өтелді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 

Катонқарағай ауданының прокуратурасы азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуын талдау барысында "АлтайКомхозСервис" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында еңбек заңнамасы талаптарының бұзылғанын анықтады.

Тексеру нәтижесінде кәсіпорынның еңбекақы төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындамауы салдарынан 49 қызметкер алдында жалақы бойынша қарыз қалыптасқаны белгілі болды.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде жұмысшылардың еңбек құқықтары қалпына келтіріліп, 27,8 млн теңгеден астам көлемдегі жалақы берешегі толық өтелді.

Прокуратура органдары азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуын тұрақты бақылауда ұстайды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив