A+ A A-

talgatzhan 34 Бүгін, 11:25 0

Қазақстандық жүзушілер Азия чемпионатында 16 медаль жеңіп алды

Бүгін / Республика / Спорт

Таиландтың Бангкок қаласында су спорты түрлерінен жас ерекшеліктері бойынша Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық жүзушілер жарысты 16 медальмен аяқтады. Оның алтауы — алтын.

Алтын медаль иегерлері:

Александр Румынский — 100 метрге шалқалай жүзу;

Даниил Чужинов — 200 метрге кешенді жүзу;

4×100 метрге аралас эстафета (А тобы);

Александр Румынский — 200 метрге шалқалай жүзу;

Анатолий Руденко — 100 метрге брасс әдісімен жүзу;

Анатолий Руденко — 50 метрге брасс әдісімен жүзу.

Күміс медаль иегерлері:

Александр Миронычев — 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзу;

Дарья Чеснокова — 50 метрге шалқалай жүзу;

Федор Диденко — 800 метрге еркін стильде жүзу;

4×100 метрге аралас эстафета (В тобы);

4×200 метрге еркін стильдегі эстафета (А тобы);

Александр Миронычев — 50 метрге еркін стильде жүзу;

4×100 метрге аралас аралас (микст) эстафета (А тобы).

Қола жүлдегерлер:

Федор Диденко — 400 метрге еркін стильде жүзу;

4×100 метрге еркін стильдегі эстафета (А тобы);

Даниил Чужинов — 400 метрге кешенді жүзу.

Айта кетейік, құрлық біріншілігіне Азияның әртүрлі елдерінен жас санатындағы спортшылар қатысып жатыр.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив