A+ A A-

talgatzhan 46 Бүгін, 12:25 0

Астанада ШҚО көрмесі өтеді

Бүгін / ШҚО

25–26 шілде аралығында елордада Creative Aimaq креативті индустриялар көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұл алаңда Шығыс Қазақстан облысы өзінің үздік шығармашылық жобаларын, жергілікті брендтерін, қолөнер, мәдениет пен туристік әлеуетін таныстырады.
Қонақтар үшін театрландырылған қойылым, Шығыс Қазақстанның үздік өнерпаздарының концерттік бағдарламалары, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі, балалар мен ересектерге арналған шеберлік сабақтар, интерактивті VR-аймақтар, Шығыс Қазақстан облысының көркем туристік аймақтарының біріне екі адамға арналған туристік жолдаманың ұтыс ойыны ұйымдастырылады.
Мекенжайы: Астана қаласы, Жошы хан көшесі, 16/2 мекен-жайындағы QAZAQ CREATIVE HUB алаңы.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив