Қазгидромет 23-25 шілдеге арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан аумағы арқылы жылжып жатқан солтүстік-батыс циклоны елдің басым бөлігінде жаңбыр мен найзағай алып келеді. Кей өңірлерде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін.
Суық ауа массаларымен толыққан циклон жауын-шашынмен қатар ауа температурасының төмендеуіне де себеп болады.
Ал еліміздің батыс өңірлеріне Иран аумағынан жылы әрі құрғақ ауа массасы келе бастайды. Соның әсерінен жауын-шашын тоқтап, күн күрт ысиды. Күндіз ауа температурасы 34–39 градусқа, ал жекелеген аудандарда 40–44 градусқа дейін көтеріледі.
Пікірлер