Әуежай аумағында жаңа шлагбаум жүйесі іске қосылды. Жүйе тестілік режимде жұмыс істеп тұрғандықтан, көлік жүргізушілерінен әзірге төлем алынбайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жаңа тәртіпке сәйкес, алдағы уақытта әуежай аумағында 15 минуттан артық тұрған көліктер үшін ақы төленеді. Алғашқы 15 минут жүргізушілер үшін тегін болады. Одан кейін бірінші сағатқа 200 теңге, ал әрбір келесі сағат үшін 100 теңге төлеу керек.
Жүйе автоматтандырылған тәртіппен жұмыс істейді. Әуежай аумағына кірген кезде бейнекамера көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірін автоматты түрде тіркейді. Шығу кезінде жүргізуші арнайы QR-код арқылы төлем жасап, көлік нөмірін енгізуі қажет.
Төлемді Kaspi және Halyk Bank мобильді қосымшалары арқылы жүзеге асыруға болады. Қолма-қол ақша қабылданбайды.
Пікірлер