A+ A A-

talgatzhan 32 Бүгін, 15:10 0

ШҚО-да бюджетке 284 млрд теңге салық түсті

Бүгін / ШҚО

ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ақпаратынша, алты айдың ішінде мемлекеттік бюджетке 284 млрд теңге салықтық түсім түсті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бюджеттің негізгі кірісі қосылған құн салығы, пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық, корпоративтік табыс салығы, жеке табыс салығы және әлеуметтік салық есебінен қалыптасты. Ал ең жоғары түсім өңдеу өнеркәсібі, тау-кен өндірісі, сауда және құрылыс салаларынан түсті. Салықтық және кедендік әкімшілендіру нәтижесінде республикалық бюджетке қосымша 6,3 млрд теңге өндірілді.

Сондай-ақ жыл басынан бері облыста 264 822 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның 99,7%-ы электрондық форматта ұсынылды. Қағаз түрінде көрсетілген қызметтер саны өткен жылмен салыстырғанда 62%-ға азайды.

Биыл толық іске қосылған Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған ақпараттық жүйесі мен жаңа Салық кодексі құжаттарды өңдеу мерзімін қысқартып, салықтық рәсімдерді жеңілдетуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар салық есептілігінің көлемі 30%-ға қысқарып, есептілік нысандарының саны 39-дан 28-ге дейін азайтылды.

Департаменттің мәліметінше, алдағы уақытта да мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және цифрлық сервистерді дамыту жұмыстары жалғасады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив