A+ A A-

talgatzhan 33 Бүгін, 09:20 0

Өскеменде 1,3 тоннадан астам заңсыз алкоголь өнімі тәркіленді

Бүгін / Өскемен

Ертіс полиция бөлімінің қызметкерлері алкоголь өнімдерін заңсыз сату фактілерін анықтау бойынша тұрақты негізде профилактикалық шаралар жүргізуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жыл басынан бері полицейлер алкоголь өнімдерін заңсыз сатудың 34 фактісінің жолын кесті. Заңсыз айналымнан 1 тонна 311 литр спиртті өнім тәркіленді. Барлық құқық бұзушы мемлекеттік тіркеусіз және қажетті рұқсат құжаттарынсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

- 2025 жылы полиция қызметкерлері алкоголь өнімдерін заңсыз сатудың 21 фактісін анықтап, заңсыз айналымнан 825 литр спиртті өнімді тәркілеген болатын. Ал 2024 жылы 26 фактінің жолы кесіліп, 650,5 литр тәркіленген еді. Анықталған фактілердің едәуір бөлігі Асқартау көшесіне тиесілі. Жыл басынан бері бұл көшеде алкоголь өнімдерін заңсыз сатудың 16 фактісінің жолы кесіліп, заңсыз айналымнан 1 тонна 272 литр спиртті өнім алынды. Заңнамада көзделген барлық процестік іс-шара аяқталғаннан кейін тәркіленген спиртті өнім белгіленген тәртіппен жоюға жатады, - делінген ШҚО Полиция департаментінің ақпаратында.

Полиция департаменті азаматтарды алкоголь өнімдерін заңсыз сату фактілері туралы 102 нөміріне хабарлауға шақырады. Әрбір өтініш тексеріліп, ақпарат расталған жағдайда заңда көзделген шаралар қабылданады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив