A+ A A-

talgatzhan 34 Кеше, 17:10 0

Қазақстанда жаңа Заң қолданысқа енді

Бүгін / Республика

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы жаңа редакцияда 2026 жылғы 19 мамырда қабылданып, 1 шілдеден бастап қолданысқа енді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Заңның негізгі міндеттерінің бірі сервис және клиентке бағдарлану қағидаттарына негізделген мемлекеттік қызмет моделіне көшу, мемлекеттік аппаратты кәсібилендіруді қамтамасыз ету, сондай-ақ HR-процестерді цифрландыру болып табылады.
Сонымен бірге, мемлекеттік қызметтің миссиясын, оның жария-құқықтық мәнін көрсететін құндылық постулаттары құқықтық регламенттелді, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерге және олардың лауазымдық міндеттеріне қойылатын талаптар бекітілді.
Олардың қатарында — қазақстандық патриотизм, кәсібилік, клиентке бағдарлану, ашықтық, әдептілік пен мінсіз бедел,
сондай-ақ құқық бұзушылықтар мен мүдделер қақтығысына төзбеушілік бар. Аталған талаптар мемлекеттік қызметшілердің негізгі міндеттерімен толықтырылды, бұл Заңда белгіленген рәсімдер арқылы талаптардың сақталуына құқықтық баға беруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қалыптасып жатқан заңнамалық негіздің басты бағдары Мемлекет басшысы белгілеп берген, мемлекеттің халықпен өзара іс-қимылын құрудағы адамға бағдарланған тәсілді көрсететін: «Мемлекет адам үшін емес, адам мемлекет үшін» деген іргелі қағидат болып табылады.
Сонымен қатар, Заңда мемлекеттік қызметшілердің парасаттылығы мен әдептілігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге арналған мінсіз бедел институты бекітілді.
Заңда сайланбалы мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік қызметшілердің жеке санатына(саяси және әкімшілік қызметшілермен қатар) жатқызылды.
Сайланбалы мемлекеттік қызметшілердің ерекше мәртебесі оларға заңды жауаптылықпен қатар сайлаушылар алдындағы жауаптылықты да жүктейді.
Мемлекеттік аппаратқа жас және талантты мамандарды тарту үшін Заңда мемлекеттік функцияларды тиімді орындау үшін қажетті негізгі құзыреттерді қалыптастыруға және дамытуға бағытталған білім беру және оқу-тәрбие іс-шараларының кешенін қамтитын мемлекеттік қызметке кіруге дайындық институтын енгізу көзделеді:
-ерте кәсіптік бағдар беру шеңберінде төменгі мемлекеттік лауазымдарға орналасу үшін даярлауды;
- басқарушы мемлекеттік лауазымдарға орналасу үшін даярлауды көздейді.
Бірқатар заңнамалық бастамалар мемлекеттік қызметтің гибридті моделіне көшу арқылы мемлекеттік аппаратты одан әрі кәсібилендіруге арналған.
Заңда профилактикалық әлеуетті және тәртіптік жауапкершілікті арттыруға бағытталған заңнамалық шаралар көзделген.
Атап айтқанда, Заңда тәртіптік жазалардың қолданылу мерзімдері олардың ауырлығына қарай (екі айдан алты айға дейін) ажыратылған, жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды бір уақытта ескеруге, сондай-ақ құқықтық салдарларды саралауға мүмкіндік беретін тәртіптік жауаптылықтың икемді негіздері айқындалған.
Онымен қоса, Заңда лауазымдық өкілеттіктерді атқарумен байланысты емес, бірақ мемлекеттік қызметтің абыройы мен беделіне нұқсан келтіретін іс-әрекеттер үшін жауаптылық күшейтілді.
Заңға енгізілген өзгерістер мемлекеттік қызметшілердің клиентке бағдарланған мінез-құлық моделін енгізуді көздейді.
Жаңа Заң мемлекет көрсететін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекет алдында тұрған міндеттерді тиімді орындауға бағытталған.
 
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаменті

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив