Облыстық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Альмира Мусинованың сөзінше, өңірдегі экономикалық белсенді халық саны 380 мыңнан асады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ресми ақпаратқа сәйкес 1 маусымға облыс халқының саны 717,0 мың адамды құрады. Ұлттық статистика бюросы департаменті мәліметінше, биыл бірінші тоқсандағы экономикалық белсенді халық саны 381,1 мың адам. Оның ішінде: 363,6 мың адам жұмыспен қамтылғандар (309 мың адам жалдамалы қызметкерлер, 54, 6 мың өзін-өзі жұмыспен қамтығандар), 17,5 мың адам жұмыссыз жүр.
– 1 шілдедегі жағдайға сәйкес электрондық еңбек биржасында 12 664 жұмыссыз тіркелген. 1 503 адам алты айдан астам жұмыссыздық бойынша есепте тұр. Оның ішінде 59 мың адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамтылды, – деді Альмира Әскерханқызы.
Ресми ақпаратқа сәйкес 33 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды. Одан бөлек, 23 адам субсидияланатын жұмыс орындарына орналастырылса, үш адам кәсіптік оқытуға жолданды.
Пікірлер