443.96 487.73 5.38
A+ A A-

Өскеменде кәсіпкерлерге абаттандырудың жаңа қағидалары түсіндірілді

Өскеменде кәсіпкерлерге абаттандырудың жаңа қағидалары түсіндірілді [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Бүгін Жібек маталар комбинаты ауданында қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі, Аумақтық басқару орталығы және полиция өкілдерінің қатысуымен рейд өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Іс-шараның мақсаты – 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген қалалар мен елдімекендердің аумақтарын абаттандырудың жаңа Үлгілік қағидаларының талаптарын кәсіпкерлерге түсіндіру.

Рейд барысында дүкендер, дәмханалар және өзге де коммерциялық нысандардың иелеріне өз нысанына іргелес 5 метр аумақты таза ұстау, қоқысты уақтылы жинау, ғимараттардың қасбеті мен кіреберіс топтарын тиісті жағдайда күтіп ұстау міндеттері түсіндірілді.

Сондай-ақ кәсіпкерлерге абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 505-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделгені ескертілді.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив