A+ A A-

talgatzhan 1 Бүгін, 15:45 0

Өскеменде дәрігерлер жас жігіттің өмірін сақтап қалды

Бүгін / Өскемен

Облыстық мамандандырылған медициналық орталықтың (бұрынғы №1 қалалық аурухана) дәрігерлері өте ауыр жарақат алған 22 жастағы науқасты аман алып қалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Дәрігерлердің мәліметінше, жас жігіт жедел жәрдеммен клиникалық өлім жағдайында жеткізілді. Тексеру барысында оған бас-ми жарақаты, бір қолы мен екі аяғының жарақат салдарынан ампутациялау, қабырғаларының сынуы, жамбас буынының шығуы және IV дәрежелі геморрагиялық шок диагнозы қойылған.
Науқастың мұндай ауыр жарақатты қандай жағдайда алғаны нақтыланбады.
Медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігі, заманауи емдеу әдістері және мамандардың үйлесімді жұмысының арқасында науқастың жағдайы тұрақтандырылып, қажетті емдеу шаралары толық жүргізілді. 
Қазір 22 жастағы жігіт оңалту курсынан өтіп, протездердің көмегімен қайтадан жүруді үйренуде.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив