Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының толық мәтіні мемлекеттік және орыс тілдерінде аудио және бейне форматтарда қолжетімді, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуіне байланысты Конституциялық Сот оның толық мәтінінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудионұсқасын әзірледі. Сондай-ақ Конституциялық Соттың әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында Конституцияның толық бейненұсқасы жарияланды.
— Жоба азаматтардың Ата Заңға тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Аудиоформат көру қабілеті бұзылған адамдар үшін, сондай-ақ ақпаратты тыңдау арқылы қабылдауды қалайтын барлық азамат үшін өте ыңғайлы, — делінген сот таратқан хабарламада.
Қазақстан Республикасы Конституциясының толық аудионұсқасы мына сілтеме бойынша қолжетімді.
Айта кетейік, 1 шілдеде жаңа Конституция күшіне енді. Жалпыхалықтық референдум нәтижесінде қабылданған тарихи құжат мемлекеттік басқару жүйесін, қоғамның даму бағытын түбегейлі өзгертпек.
Пікірлер