A+ A A-

talgatzhan 50 Бүгін, 17:25 0

Өскемендегі арнаулы кітапхана қызметкерлері денсаулығы сыр берген оқырманға кітаптарды үйлеріне жеткізіп береді

Бүгін / Өскемен

Облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы қазір өз оқырмандарына барынша қолайлы мүмкіндік қалыптастырып отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Атап айтқанда, кітапхана мамандары өздерінің күнделікті жұмыстарымен шектеліп қана қоймай, кітапхана оқырмандары үшін нағыз ақпараттық мерекеге айналдыруда. Олар республикалық және жергілікті басылымдарға толық шолу жасап, газет-журналдардағы негізгі және ең қызықты материалдарды дауыстап оқып беруді, таныстыруды дәстүрге енгізген. Әр жаңа нөмірін асыға күтетін, көкірегі ояу, көңілі сергек оқырмандардың өмірге деген құлшынысына сүйсінбеу мүмкін емес. Оқырмандардың саясат, мәдениет және спорт жаңалықтарын талқылап, пікір алмасуы – кітапхана қабырғасындағы ерекше аураны қалыптастырады. 
Кітапхана ұжымы мұнымен де тоқтап қалмайды. Денсаулығы сыр берген, өз беттерімен келе алмайтын оқырмандардың үйлеріне кітап жеткізіп беру қызметі тұрақты жолға қойылған. Мамандар кезектесіп, кітапхана қорындағы Брайль қарпіндегі туындыларды, аудиокітаптарды және басқа да материалдарды  қажет болғанда дауыстап оқып та береді. Кітапханашылар осындай сүйікті оқырмандарыдың әрқайсысына жеке жылулық сыйлау – өздерінің абыройлы міндеті екендігін  үлкен мақтанышпен айтуда.
Расында, бұл жердегі жұмыс – жай ғана библиографиялық шолу емес, көру мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғаммен байланысын нығайтып, жүрек көзін ашатын игі іс.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
1 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив