A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 09:45 0

Катонқарағай ауданында жаңа туристік орын салынады

Бүгін / Катонқарағай

Өткен демалыс күндері облысқа ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев жұмыс сапарымен келді. Ол «Катонқарағай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі экологиялық туризмді дамыту мәселелері бойынша көшпелі кеңеске қатысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Онда өңірдің туристік әлеуетін арттыруға бағытталған бірқатар инвестициялық жоба таныстырылды.
Солардың бірі – «Pana Katon Karagay». Жоба аясында 70 шаршы шақырым аумақты қамтитын жаңа туристік кент салу жоспарланған. Нәтижесінде 500-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
Сондай-ақ «ULAR PARK» туристік кешенінің жобасы таныстырылды. Биыл 13 капсуладан тұратын жазғы қонақүйдің құрылысы аяқталады деп жоспарланса, 2028 жылға дейін құны 3 млрд теңге болатын, 150 орындық қысқы қонақүй кешені салынбақ. Бұл жобаны қолға алған «ULAR PARK HOTEL» ЖШС Берел мен Аршаты ауылдарының арасына 1,5 млрд теңгеге электр беру желісінің, жол және көпір құрылысын жүргізген.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив