A+ A A-

talgatzhan 32 Бүгін, 16:00 0

2025 жылы Қазақстанда 32 мыңнан астам кардиохирургиялық ота жасалды

Бүгін / Республика

2025 жылы Қазақстанда 32 мыңнан астам кардиохирургиялық ота жасалып, 6 мыңға жуық пациентке жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетілді. Күрделі операцияларды жүргізуге 91,3 млрд теңге бағытталды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Бүгінде елімізде жүрек пен қан тамырлары ауруларын емдеуге арналған күрделі хирургиялық араласулардың кең ауқымы орындалады. Заманауи технологиялар мен кардиохирургиялық орталықтардың жоғары деңгейде жабдықталуы пациенттерге жоспарлы түрде де және шұғыл араласуды қажет ететін жедел жағдайларда да мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

-Қазақстандықтарға жоғары технологиялық кардиохирургиялық көмек медициналық көрсетілімдер бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында көрсетіледі,-делінген хабарламада.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив