Облыс орталығында «Сәтбаев даңғылы мен Жібек жолы көшесінің қиылысында көлік айрығын салу» жобасы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Анықталғандай, айналма жол айрығының бір бөлігі уақытша жабылады.
Шектеу құрылыс жұмыстары жүргізілетін кезеңде күн сайын сағат 22:00-ден 07:00-ге дейін қолданылады.
Көлік құралдарының қозғалысы жол қозғалысын ұйымдастырудың уақытша схемасына, орнатылған жол белгілері мен жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарына сәйкес жүзеге асырылады.
- Жол қозғалысына қатысушылардан сапарды алдын ала жоспарлап, уақытша енгізілген өзгерістерді ескеруді, жол белгілерінің талаптарын сақтауды және құрылыс жұмыстары жүргізілетін аумақта мұқият болуды сұраймыз, - делінген ресми ақпаратта.
Пікірлер