19 млн теңге Боран мен Қазақстан ауылдарында бөлініс орнату кезінде іске жаратылмаған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ресми ақпаратты Қаржы басқармасының басшысы Светлана Большакова бөлісті. Ол жалғыз Марқакөл емес, өңірді тұтас қамтыған қаржының игерілмеу жағдайына да тоқталды. Егер аймақ көлемін алсақ, жыл басталғалы 38,6 млн. теңге – барлық білім беру ұйымдары бойынша іске жаратылмады.
Айталық, 25 млн теңге – тауардың жеткізілмеуіне байланысты (кеңсе тауарлары, тамақ өнімдері, шаруашылық тауарлар), 13,6 млн теңге – мемлекеттік сатып алу бойынша рәсімдердің аяқталмауынан игерілмей қалған. (кеңсе және шаруашылық тауарлар). Светлана Большакова осыны айтты да, 388,7 млн теңге көлемінде жергілікті бюджет бойынша игеріліп үлгермегенін алға тартты. Оның ішінде, 281,9 млн теңге аудандарға тиесілі:
1) Глубокое – 144,7 млн теңге
2) Ұлан – 53,2 млн теңге
3) Шемонаиха – 84 млн теңге
4) Марқакөл – 58 млн теңге
Басқарма басшысы Марқакөлді айтқанда, екі ауылға ерекше тоқталды.
Мәселен:
• 19 млн теңге Боран мен Қазақстан ауылдарында бөлініс орнату кезінде;
• 7 млн теңге Қазақстан ауылында ішкі жолдарды жөндеу;
• 5 млн теңге – Боран ауылдық округіндегі бес ауыл бойынша қоқыс шығару бойынша игерілмеді. Жауапты тұлғалар орындалған жұмыс актілерін ұсынбапты.
Сонымен қатар 24,3 млн теңге жолдарды жазғы күтіп ұстау бойынша, конкурс қорытындысы шығарылмауы себепті игерілген жоқ.
Пікірлер