Биыл шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен бірлесіп және прокуратураның үйлестіруімен Алматы, Шымкент қалаларында және елдің 8 өңірінде қару-жарақтың заңсыз айналымының жолын кесу бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Барлығы 31 бірлік қару, оның ішінде 4 автомат, 20 мылтық, 7 тапанша, 2 граната және 278 оқ-дәрі тәркіленді.
Жедел-тергеу амалдары жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.
ҰҚК баспасөз қызметі
Пікірлер