28-30 шілде аралығында облыс аумағында республикалық «Тасымалдаушы» жедел алдын алу шарасы өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оның мақсаты — жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін арттыру және жол-көлік оқиғаларының алдын алу.
Полиция қызметкерлері автобустарды, шағын автобустарды және таксилерді тексеруде. Жол жүрісі қағидаларының сақталуына, көлік құралдарының техникалық жай-күйіне, жолаушылар мен багажды тасымалдаудың заңдылығына, рулі оң жақта орналасқан таксилердің пайдаланылуына жол бермеуге назар аударылады.
Пікірлер