ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің ресми ақпаратынша, облыс аумағында 23 жаппай демалу және шомылу учаскесі бар, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Шомылу маусымы басталғалы бері өңірде 8 адам суға батып кетті. Барлық қайғылы жағдай шомылуға жабдықталмаған жерлерде тіркелді.
Жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстарға қарамастан шомылу маусымы басталғаннан бері ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабы бойынша 91 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ шағын көлемді кемелерді қауіпсіз пайдалануды бақылау шеңберінде департамент қызметкерлері 40-тан астам адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Пікірлер