ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, осы жылдың алты айында ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасы 17 түрлі бағыт бойынша 64 514-ден астам мемлекеттік қызмет көрсетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қызметтердің басым бөлігі құжаттарды рәсімдеу мен халықты тіркеуге қатысты. Мәселен, 40 031 — Қазақстан Республикасының азаматтарына төлқұжаттар мен жеке куәліктер беру, 10 829 — тұрғылықты жері бойынша тіркеу, 4 546 — тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару, 2 956 — шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға уақытша тұруға рұқсат беру, 9 192 — шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың ел аумағында тұрақты тұруы.
Пікірлер