A+ A A-

talgatzhan 46 Бүгін, 10:00 0

Аптап ыстық және жаңбыр: 16 облыста дауылды ескерту жарияланды

Бүгін / Республика

«Қазгидромет» тұрғындарға ауа райының күрт өзгеруіне байланысты қауіпсіздік шараларын сақтауға, қатты жел кезінде абай болуға және өрт қаупі жоғары кезеңде табиғат аясында сақтық танытуға кеңес береді, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Бүгін, 29 шілдеде Қазақстанның 16 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті.

Синоптиктердің болжамынша, еліміздің бірқатар аймағында найзағай, жаңбыр, бұршақ, қатты жел және шаңды дауыл болуы мүмкін. Сонымен қатар кей өңірлерде аптап ыстық сақталады.

Астанада күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15 м/с дейін күшейеді. Алматыда жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкентте солтүстік-шығыс желінің жылдамдығы 15-20 м/с жетуі ықтимал.

Абай, Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және басқа да бірқатар облыстарда жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Кей өңірлерде желдің екпіні 20-25 м/с дейін күшеюі мүмкін.

Маңғыстау мен Түркістан облыстарында шаңды дауыл болжанып отыр. Түркістан облысында күндіз ауа температурасы +40…+41°C-қа дейін көтерілсе, Ұлытау облысының батысында +40°C ыстық күтіледі.

Сонымен қатар, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Жетісу, Қостанай, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан және басқа да өңірлерде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

«Қазгидромет» тұрғындарға ауа райының күрт өзгеруіне байланысты қауіпсіздік шараларын сақтауға, қатты жел кезінде абай болуға және өрт қаупі жоғары кезеңде табиғат аясында сақтық танытуға кеңес береді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив