Қалада Бражий бұлағының жағалауындағы жаңа демалыс аймағының құрылысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Абаттандыру жұмыстары Назарбаев даңғылы бойындағы «Валентина» сауда үйі маңынан бастап «Востокмашзавод» аумағына дейін жүргізілуде.
Бұған дейін мердігер компания жаңа жаяу жүргіншілер аймағының шілде айының ортасына дейін аяқталатынын мәлімдеген болатын. Алайда құрылыс жұмыстары әлі бітпеді.
Жұмысшылар Бражий бұлағының жағалауын бекітіп, аумаққа орындықтар, қоқыс жәшіктері, ойын алаңы және спорттық тренажерлар орнатты.
Жобаға сәйкес, енді әткеншектер қойып, жаяу жүргіншілер көпірін салу жұмыстары қалды.
Пікірлер