Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Слямғазина мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
29 шілдедегі жағдай бойынша облыста көкжөтелдің зертханалық расталған 32 жағдайы тіркелген.
– Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар да бар. Қолда бар мәліметке сүйенсек, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе артқаны байқалады, – деді Сәуле Слямғазина.
Маман мәліметінше, ауру жағдайларының басым бөлігі Өскемен қаласында тіркелген.
– Көкжөтелдің 28 жағдайы Өскеменде, 4 жағдайы Ұлан ауданында анықталды. Жас ерекшелігіне қарай қарасақ, 1 жасқа дейінгі балалар арасында – 14, 1 мен 5 жас аралығында – 17, ал 5 пен 9 жас аралығында 1 жағдай тіркелді, – деді ол.
Пікірлер