A+ A A-

talgatzhan 49 Бүгін, 14:00 0

+44°C дейін ыстық пен жауын-шашын: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Бүгін / Республика

«Қазгидромет» РМК синоптиктері атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен Қазақстанның кей аймағында найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауатынын мәлімдеді. Сондай-ақ, кей өңірде 35-44 градус аптап ыстық болатынын да ескертті, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Жауын-шашын болжамы

Бірқатар өңірде жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін. Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында қатты жаңбыр жауады деп болжануда.

Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында Ираннан келетін құрғақ ауа массаларының әсерінен негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Аптап ыстық сақталады

Елдің басым бөлігінде ауа температурасы көтеріледі, тек Қазақстанның батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерінде бірінші тамыздағы қатты ыстықтан кейін күндіз ауа температурасы 25-35 градусқа дейін төмендейді.

«Қазақстанның қалған бөлігінде термометр бағаны орталықта, шығыста және оңтүстік-шығыста 33-41 градусқа, ал оңтүстікте 35-44 градус ыстыққа дейін жетеді», – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив