A+ A A-

talgatzhan 41 Бүгін, 15:00 0

Қазақстанда онкологиялық ауруларды анықтаудың жаңа әдістері енгізіледі

Бүгін / Республика

Жоба онкологияда молекулалық-генетикалық зерттеу әдістерін енгізіп, диагностиканы ұйымдастырудағы құқықтық қайшылықтарды жоюды көздейді, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрлігі зертханалық диагностика жүргізуді ұйымдастыру стандартына өзгерістер енгізуді көздейтін түзетулерді әзірледі.

Құжатта зертханалық диагностиканы жүргізу тәртібі, сондай-ақ зертханалар орындайтын зерттеулердің көлемі мен түрлері айқындалған.

Сондай-ақ құжат қолданыстағы нормаларды денсаулық сақтау жүйесінің қазіргі талаптарына сәйкестендіріп, диагностикалық зерттеулерді ұйымдастыру кезіндегі құқықтық қайшылықтарды жоюды көздейді.

Негізгі өзгерістердің бірі – онкология саласындағы референс-зертханалардың жұмысын қамтамасыз ету үшін стандартқа молекулалық-генетикалық зерттеу әдістерін енгізу. Сонымен қатар гистологиялық әдісті клиникалық зертханалық зерттеулер тізімінен алып тастап, оны патологиялық-анатомиялық қызметтің құзыретіне бекіту ұсынылады.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұл шара медициналық көмек көрсету стандарттары, лицензиялық талаптар және медицина мамандарының біліктілік сипаттамалары сияқты әртүрлі нормативтік құжаттар арасындағы қолданыстағы қайшылықтарды жоюға мүмкіндік береді.

Бұйрық жобасы 12 тамызға дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив