A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 09:15 0

Президент әлем чемпионы атанған қазақстандық семсерлесушілерді құттықтады

Бүгін / Республика / Спорт

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасын Гонконгта өткен әлем чемпионатындағы тарихи жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

Президент құттықтауында бұл жеңістің Қазақстан семсерлесу тарихындағы алғашқы әлем чемпиондығы екенін атап өтті.

– Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасының ел тарихындағы тұңғыш алтын медалі – спорттық шеберліктің, болаттай берік мінез бен командалық рухтың айқын көрінісі, – делінген құттықтауда.

Қасым-Жомарт Тоқаев жеңімпаздар мен жаттықтырушылар құрамына Қазақстанның әлемдік аренадағы беделін арттыруға қосқан үлесі үшін шынайы алғыс айтып, алдағы уақытта да толайым табыс пен жаңа жеңістер тіледі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив