Қазгидромет 31 шілде 1 тамызға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен республика бойынша найзағаймен өткінші жаңбыр жауады, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Елдің солтүстік-батысында, солтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр жауады.
Қазақстанның батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерін қоспағанда, елдің басым бөлігінде ауа температурасы одан әрі біртіндеп көтеріледі.
Орталықта, шығыста және оңтүстік-шығыста термометрлердің бағаналары 33-41 градусқа жетеді.
Пікірлер