ШҚО Полиция департаментінде ойын-сауық орындарындағы қауіпсіздік деңгейін бағалау және құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын жетілдіру бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Күн сайын ойын-сауық орындарының аумағында немесе ішінде болған оқиғаларға қатысты тіркелген қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар, Жедел басқару орталығының «102» арнасына келіп түскен хабарламалар зерделенеді.
Сонымен қатар құқық бұзушылықтардың болуына ықпал ететін себептер мен жағдайларға талдау жасалады.
Талдау қорытындысы бойынша әрбір нысанның қауіпсіздік деңгейі бағаланады. Алынған мәліметтер патрульдік бағыттарды қайта қарау, күштер мен құралдарды тиімді орналастыру, қосымша профилактикалық іс-шараларды жоспарлау және ойын-сауық орындарының әкімшілігімен өзара іс-қимылды күшейту кезінде пайдаланылады.
2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «102» арнасына ең көп хабарлама келіп түскен ойын-сауық орындары:
«Сибинка» дәмханасы – 34 хабарлама;
«Bike Club» түнгі клубы – 28;
«Bavaria» бары – 26;
«Салют» ресто-бары – 22;
«Встреча» дәмханасы – 21.
Жалпы Өскемендегу 88 ойын-сауық орнына талдау жүргізілді.
ШҚО Полиция департаменті хабарламалар саны ойын-сауық орны әкімшілігінің кінәсін немесе құқық бұзушылық фактілерінің расталғанын білдірмейтінін ескертеді. Жүргізілетін талдау профилактикалық жұмыстың бір бөлігі саналады және полицияның ерекше назарын қажет ететін нысандарды дер кезінде анықтауға, құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша қосымша шаралар қабылдауға әрі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Пікірлер